Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАқтөбеде ауыр қылмыс жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Polisia.kz-тің мәліметінше, 30 қарашада облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Ақтөбе облысы бойынша шекара қызметі департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, 8 жылдан астам уақыт қашып жүрген Ресей азаматын ұстады.
Орынбор облысының 35 жастағы тұрғыны Ақтөбе қаласындағы жиһаз цехтарының бірінен табылған.
Күдікті ҚР қылмыстық кодексі 120-бабы 2-бөлігі бойынша іздеуде жүрген.
Қазіргі уақытта ұсталған адам Ақтөбе қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61