Әлем

Әлемнің бірнеше елі Солтүстік Кореяға қарсы жаңа санкция салды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ пен оның азиялық одақтастары Солтүстік Кореяның соңғы зымыран сынақтарына байланысты елдің үш жоғары лауазымды шенеунігіне санкция салды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы BBC.com сайтына сілтеме жасап.

Пхеньян биыл 60-тан аса баллистикалық зымыран ұшырған. Сонымен қатар бірнеше құрлықаралық баллистикалық зымыранды сынады.

Джон Иль Хо, Ю Чжин және Ким Су Гил қару-жарақ жасаған кезде «басты рөл атқарды» деген болжам бар.

Осыған байланысты Жапония, Оңтүстік Корея және Еуропа одағы да санкциялар енгізді.

Солтүстік Корея бірнеше жыл бойы батыс елдері енгізген қатаң санкцияларға тап болды. Осы жаңа тыйымдарға сәйкес, Солтүстік Корея шенеуніктерінің АҚШ-тағы барлық активтері тоқтатылады. Оларға АҚШ-тағы кез келген бизнеспен немесе жеке тұлғамен мәміле жасауға тыйым салынады.

«Бүгінгі іс - шаралар Корея Республикасымен және Жапониямен бірге ойласа жасалды. Бұл шешіміміз КХДР-ға жаһандық қауіп-қатерге қатысты біздің ЕО серіктестерімізбен саясатымызды одан бекіте түсті» делінген АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәлімдемесінде. 

Соңғы зымыран сынағы 18 қарашада Хоккайдодан батысқа қарай шамамен 210 км (130 миль) теңізге қонды.

Сарапшылардың айтуынша, Пхеньян 2006-2017 жылдар аралығында алты ядролық сынақ өткізді және жетінші сынаққа дайындықты аяқтаған. Олар сондай-ақ Солтүстік Корея өзінің қысқа қашықтықтағы зымырандары мен әдеттегі әскери мүмкіндіктерін жақсарту үшін жұмыс істеп жатқанын айтады.

«Соңғы ұшырулар барлық елдердің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің КХДР - ға тыйым салынған жаппай қырып-жою қаруы мен баллистикалық зымырандарды жасау үшін Пхеньянға қажетті технологияларды, материалдарды және кірістерді сатып алуына жол бермеуге арналған қарарларын толық орындау қажеттілігін көрсетеді» делінген АҚШ Қаржы министрлігінің мәлімдемесінде.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарына сәйкес, барлық ел тыйым салынған жаппай қырып-жою қару мен баллистикалық зымырандарды жасау үшін Пхеньянға қажетті технологияларды, материалдарды және кірістерді сатып алуына жол бермеу қажет.

Кейбір америкалық сарапшылар мұндай санкциялардан Пхеньян пікірін өзгертпейді дейді.

«Біз (АҚШ) Солтүстік Кореяға қалағанымызша санкция бере аламыз. Бірақ нақты әсер ету үшін біз Ким режимінің қолма-қол ақшасын өңдейтін Қытай мекемелерінің АҚШ долларындағы банк корреспонденттеріне қол жеткізуін тоқтатуымыз керек», - деді Park strategies кеңесшісі Шон Кинг.