Технология

Бағдат Мусин: Ешқандай Билл Гейтс қазақстандықтарды қадағаламайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин неге Қазақстанның кей аймақтарында интернет пен байланыс сапасы нашар екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бағдат Мусиннің айтуынша, интернет мәселелерін шешу үшін Мәжілісте арнайы заң шығару бастамасы талқыланып жатыр.

«Бүгінде Мәжілісте бір өтініш бойынша басқа 99 тұрғын зардап шекпеуі үшін, оны реттеу туралы заңнамалық бастама талқыланып жатыр. Яғни, бірі базалық станция болуын қаламаса, басқа 99 тұрғын қаласа, біз бұдан былай бұл базалық станцияны жоймаймыз», - деді министр.

Қазіргі таңда операторлар тұрғындардың шағымдарына байланысты мыңдаған базалық станцияларды көшіруге мәжбүр.

«Бұл тек темір құрылғы ғана емес, сонымен қатар қажетті желілер қосылады. Базалық станция жұмыс істеуі үшін оған оптикалық кабель қажет. Сондықтан БАҚ өкілдері ретінде сіздер халыққа ақпаратты жеткізуге көмектесе аласыздар. Тұрғындарды ешкім сәулелендірмейді, онымен бірге Билл Гейтс те бұл базалық станциялар арқылы оларды қадағағаламайды, бұл жай ғана бүгінгі күннің қажеттілігі. Үйдегі су сияқты, байланыс та қажет», - деп түйіндеді Б. Мусин.

Министрдің айтуынша, егер базалық станцияларды үнемі қайта орнату қажет болмаса, байланыс пен интернет әлдеқайда жақсы жұмыс істейді.