Bugin

Түркістанда көлік нөмірінің орнына бейәдеп сөз жазған тұрғын жазаланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан тұрғыны көлік нөмірінің орнына бейәдеп сөз жазып алған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері кезекті жұмыс кезінде әкімшілік құқық бұзғандарды анықтады.

«Нақтырақ айтсақ, тәртіп сақшылары С.Ерубаев көшесіндегі қалалық саябақтың жанында мемлекеттік нөмірінің орнына бейәдеп сөз таққан Hyundai Accent көлігін байқаған. Содан тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел шаралар қабылдады. Нәтижесінде полицейлер автокөлік жүргізушісін тапқан» делінген хабарламада.

Түркістан қаласының тұрғынына қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігі («Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу») бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Автокөлік айыптұраққа қойылды.