Bugin
Бүгін Екібастұз қаласына қосымша күш пен құралдар жіберілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Оған Астана қаласы, Ақмола, Жамбыл және Қарағанды облыстарының төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылары және 52 859 әскери бөлімінің жеке құрамы кірді. Бағытталған күштер мен құралдар жылыту құралдарымен (жылу пушкалары), электр қуатының дербес көздерімен, жарықтандыру аспаптарымен және байланыс құралдарымен жасақталған» делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінде.
Жылу желілерінің авариялық учаскелері бойынша күштер мен құралдарды бөлу жүргізілді. Коммуналдық қызметтермен бірлесіп жылумен жабдықтау бойынша жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар коммуналдық қызметтер мен мүдделі ұйымдардың жылыту пункттері орнатылды.