Технология

Tesla көліктері күтпеген жерден арзандады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Tesla автокөлік әуесқойларына жыл соңына дейін брендтің электр көліктерін жеңілдікпен сатып алуды ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы TechCrunch басылымына сілтеме жасап.

Журналистердің айтуынша, корпорация дилерлер арқылы тұтынушыларды 3750 доллар, яғни 1 800 000 мың теңгеге жуық жеңілдік туралы хабардар ете бастаған. Көлік әуесқойлары жыл соңына дейін төлей отырып, Model 3 және Model Y электрокөліктерін жеңілдікпен ала алады. Компания танымал электромобильдердің неліктен кенеттен арзандағанын түсіндірмеді.

Бұқаралық ақпарат құралдарының авторлары осылайша Tesla өзінің қоймаларын жаңа жылға дейін босатып, төртінші тоқсанда сатылымын арттырғысы келеді деп болжайды. 

«Салық маусымын күтудің орнына, Tesla ұсынысы тұтынушыларға қазір артықшылықты пайдалануға мүмкіндік береді», - деді журналистер.

Қараша айының соңында Tesla жаңартылған Model 3 электроседанын шығаруды жоспарлағаны белгілі болды. Компания редизайн автокөлік өндірісін үнемдейді деп есептейді.