Bugin
Мәскеу қалалық соты қазақстандық МГИМО студентін өлтіргені үшін 13 жылға сотталған Муртузали Меджидовтың үкімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Bugin.kz порталы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
2021 жылдың жазында алқабилер бұл іс бойынша сотталушыны кінәсіз деген үкім шығарды. Мажидов сол күні сот залынан босатылды. Алайда кейінірек Никулинск сотының сотталушыны кінәсіз деп тапқан үкімі жойылды. Осылайша іс Измайловский сотына қайта қарауға жіберілген еді.
Алқабилер бірауыздан Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің ұлын кінәлі деп тапты. Измайловский соты оны 13 жылға қатаң режимдегі колонияға жіберді.
Еске сала кетейік, 2018 жылдың сәуір айында қазақстандық студент қыз Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының терезесінен құлап кеткен еді. Ол 3 мамырда ауруханада қайтыс болды. Қыздың ата-анасы суицид туралы тергеушілердің нұсқасымен келіспей, тергеудің әділ жүргізілуін талап еткен.