Спорт

Футболдан ӘЧ-2022: 1/8 финалына шыққан құрамалар анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатында 1/8 финалға жолдама алған құрамалар белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Әлем чемпионатының топтық кезеңі мәресіне жетті. Нәтижесінде 1/8 финалға жеткен 16 құрама белгілі болды. Олардың қатарында Франция, Австралия, Бразилия, Португалия, Нидерланд, Испания, Сенегал, Англия, Жапония, АҚШ, Аргентина, Польша, Марокко, Хорватия, Оңтүстік Корея құрамалары бар.

Жарыстың бұл сатысында аталған құрамалар төмендігіше жұп құрады:

3 желтоқсан:

Нидерланд - АҚШ

Аргентина - Австралия

4 желтоқсан:

Франция - Польша

Англия - Сенегал

5 желтоқсан:

Жапония - Хорватия

Бразилия - Оңтүстік Корея

6 желтоқсан:

Марокко - Испания

Португалия - Швейцария

Ал 9 және 10 желтоқсанда 1/4 финал ойындары өткізіледі. 13-14 желтоқсанда жартылай финал болады. Ал 3-орын үшін ойын 17 желтоқсанға белгіленсе, финал 18 желтоқсанда өтеді.