Спорт

Головкиннің келесі қарсыласымен келіссөздері белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Boxingscene.com журналисі Джейк Донован WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен орта салмақтағы мексикалық Хайме Мунгияның жекпе-жегі жақын арада болмайтынын атап өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Күні кеше Мунгия қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлымен WBO санкциялаған жекпе-жектен бас тартқаны белгілі болды.

«Мунгия бұған дейін BoxingScene.com-ға WBC орта салмақтағы чемпионы Джермалл Чарломен (32-0, 22 КО) және WBA/IBF біріккен чемпионы Геннадий Головкинмен үлкен жекпе-жек өткізгісі келетіні туралы айтқан болатын.

Ақпараттың соңғы нұсқасы бойынша. жекпе-жектің өтуі екіталай. Өйткені Головкинге (42-2-1, 37 КО) екі міндетті титулды қорғау жүктелген. IBF рейтингісіде бірінші болып тұрған Эскива Фалькаомен келіссөздер жалғасып жатыр. Содан кейін жеңімпаз WBA-ның міндетті қарсыласы және кіші чемпионы Эрисланди Ларамен кездесуі мүмкін. Бұған дейін бұл жекпе-жекке тапсырыс берілген еді. Алайда рұқсат етуші органдар Фалькаоға ротацияда бірінші болуға рұқсат берген кезде жекпе-жек кейінге қалдырылған», - деп жазылған материалда.