Bugin
Алматы тұрғынынан 500-ге жуық киік мүйізі тәркіленді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері қаланың Алатау ауданындағы Заря Восток шағын ауданында арнайы шара жүргізді. ҰҚКБ қызметкерлері тексергенде, жергілікті тұрғынның «Қызыл кітапқа» енген ақбөкен мүйіздерін сақтап, сататыны туралы ақпарат расталды.
Күдікті – 42 жастағы Х. есімді азамат. Оның үйін тінту барысында қосалқы бөлмеден 462 дана ақбөкен мүйізі, сондай-ақ белгісіз тұқымды тастар табылып, тәркіленді. Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР қылмыстық кодексінің 399-бабы бойынша тіркелді.
Тауарды Алматыға жеткізудің мән-жайы мен оны жүзеге асыру шарттары тергеу барысында анықталады.