Bugin

Шу қаласында үй өртеніп, екі бала көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түнде Жамбыл облысының Шу қаласында болған өрттен екі кішкентай бала көз жұмды. Бұл туралы Bugin.kz порталы өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға желтоқсанның 2-жұлдызынан 3-не қараған түні болған. Шу қаласындағы жеке үйлердің бірінен өрт шыққан. Жергілікті департамент дерегінше, қызыл жалын жалпы ауданы 30 шаршы метрді аумақты шарпыған. Үй заттары мен барлық жиһаздардар отқа оранған.

«Өрт сағат 00:10-да оқшауланып, сағат 00:35-те «СПиАСР» мемлекеттік мекемесінің күшімен жойылды. Оны сөндіруге 4 қызметкер және 1 техника жұмылдырылды», - деді ТЖД баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, тілсіз жау ауыздықталғаннан кейін 5 және 2 жастағы екі баланың мәйіті табылған.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61