Bugin
Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Қазақстанда лаңкестік әрекеттер қаупі барын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Бүгінгі таңда 12 елде қауіп-қатердің 18 жағдайы тіркелді. Соның ішінде, Испанияда лаңкестік әрекетке әрекеттену, Венгрияда, Нидерландыда, Польшада, Хорватияда, Италияда, Австрияда, Чехияда, Ватикан, Францияда жануарлардың көзін жұлып секілді қоқан-лоқы жасағандар бар. Қазақстандағы мина қойылғаны, сондай-ақ АҚШ-тағы күдікті хат та бар», - деді Кулеба әлеуметтік желідегі парақшасында.
Әңгіме Украинаның Қазақстандағы елшілігі туралы болып отыр. 30 қарашада Мадридтегі Украина елшілігінде жарылыс болып, салдарынан Украина азаматы зардап шекті.
Украина министрі украин дипломаттарының үстінен лаңкестік қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді.