Bugin
Visual Capitalist басылымы қазіргі таңда бензині ең қымбат елдерге шолу жасады. Бұл туралы Bugin.kz порталы аталмыш басылымға сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның ақпаратына қарағанда, энергия жеткізудің жаһандық тізбегінің бұзылуына байланысты бензин, электр энергиясы және табиғи газ бағасы шарықтап кеткен. Кейбір елдерде энергия бағасы 2022 жылы тарихи деңгейге жетеді деп болжанып отыр. Гонконг тұрғындары бензин үшін әлем бойынша ең көп ақы төлейді, яғни 11,10 доллар (5200 теңге). Бұл әлемдегі орташа деңгейден екі есе көп.
Энергетика бағасы қымбат елдер тізіміндегі екінші орында Орталық Африка Республикасы тұр. Онда көгілдір отынның құны бір галлон үшін 8,60 долларды (4030 теңге) құрайды. Электр энергиясының ең жоғары құны, көбінесе - Еуропада.
Дания, Германия және Бельгиядағы бензин бағасы - Франция мен Грециядағы бағадан екі есе жоғары.