МӘДЕНИЕТ

Димаш Құдайберген Екібастұздағы апатқа қатысты жазба жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Екібастұзда жылу электр орталығындағы бірнеше қазанагрегат тоқтап, тұрғындар жылусыз қалғанына байланысты отандық танымал әнші Димаш Құдайберген Екібастұз тұрғындарының жағдайына алаңдады. Ол бұл оқиғаға жауапты адамдардың жазаға тартылатынына сенетінін Instagram парақшасына жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Екібастұздағы халықтың жағдайы үшін алаңдап отырғанымды айтпасам да түсінікті болар. Менің парақшамды көптеген басқа мемлекеттің адамдары оқитын болғасын, ішкі мәселемізді сыртқа шығарғым келмеп еді. Бірақ мына далада қалған аналарымыздың көз жасы зая кетпеу үшін, ЖЭО басшысынан бастап, кінәлілердің барлығы жауапқа тартылып, жылуы жоқ түрмеде жазасын өтейді деп сенемін», - деп жазды Димаш Құдайберген.