Әлем
2020 жылдың ақпан айында Тумсо Абдурахмановқа Швециядағы пәтерінде қастандық жасалған еді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Nege.kz сайтына сілтеме жасап.
1ADAT телеграм-арнасының мәлімдеуінше, Қадыровты сынаған блогерді өлтіріп кеткен. Бұл ақпаратты блогердің серіктестері растады.
Швецияның құқық қорғау органдары мәліметке қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.
Айта кетейік, Абдурахмановты желтоқсанның 1-нен 2-сіне қараған түні атып өлтіріп кеткен.
Тумсо Абдурахмановтың телеграм-арнасындағы соңғы жазбасы 30 қарашада кешке жарияланған.