Әлем

Саша Барон марапаттау рәсіміне «Борат» кейпінде келіп, Қазақстанды мазақ етті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Комедия актері Саша Барон Коэн Kennedy Сenters Honors марапаттау рәсіміне «Борат» кейпінде келіп, Қазақстанды тағы да әзілге айналдырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Dailymail сайтына сілтеме жасап.

Саша Барон Коэн өзін танымал еткен «Борат» фильмінің басты кейіпкері – қазақстандық журналист Борат Сағдиевті қайта еске салды. Ол Дональд Трамп, Канье Уэст және тіпті АҚШ-тың қазіргі президентінің жұбайы Джилл Байденді әзілге қосты.

Іс-шара 4 желтоқсанда Вашингтондағы Колумбия округінде өтті. Оған АҚШ президенті Джон Байден қатысты. Рәсім 28 желтоқсанда CBS арнасына эфирінен көрсетіледі.

Этникалық еврей Саша Барон Коэн рэпер Канье Уэсттің соңғы антисемиттік, яғни еврейлерге байланысты қысымды қолдаған көзқарасын сынға алды. Канье Уэстке тиісе отырып, Қазақстанды зілді әзіліне қосты.

«Мен АҚШ-тағы антисемитизмге қатты ренжідім. Бұл – әділ емес қой. Қазақстан еврейлерді жою бойынша бірінші орында тұр. Біздің хоббиімізді ұрлауды доғарыңыз. Ұрламаңыз», - деп әзілдеді актер Бораттың кейпінде сөйлеп.

Одан кейін антисемитизм (еврейлерге дискриминация) бойынша Уэст тіпті қазақтардан да басып озғанын айтты.

«Сіздердің Каньелеріңіз Қазақстанға көшіп келуге тырысып, өз атын қазақшалады. Бірақ ол тіпті біз (қазақстандықтар) үшін де шектен тыс антисемитизм», – деді «Борат».

Коэн АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты «қызғылт сары тері» және «мес қарын» деп мазақ етті. Байденді Трамппен әдейі шатастырып, президентке сөйледі.

«Маған бүгін президенттеріңіз осында деп айтты. Қайдасыз, Трамп мырза? Жағдайыңыз мәз емес сияқты. Қарныңыз кетіп, әдемі қызғылт сары теріңіз бозарыпты», - деді комик.