Bugin
Кеше Екібастұзда қалалық жылу-электр орталығының (ЖЭО) учаскесінің басшысы Сергей Видлог өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалғаны көрсетілген.
Құжатқа сәйкес, мәйіт зорлық-зомбылықпен белгілерінсіз табылған.
«Бұл дерек Екібастұз қаласының ІІБ (Полиция басқармасы – ред.) тіркелді. Тергеу жүріп жатыр», - деді полиция.
Ал қалалық полиция департаменті Екібастұз ЖЭО учаскесінің бастығы Сергей Видлог жұбайымен жанжалдан соң қайтыс болды деп хабарлады.
«Тергеу жүріп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, оқиға марқұмның гаражында әйелімен жанжалдан соң болған. Бірқатар сараптамалар тағайындалды, оның қорытындысы бойынша шешім қабылданады. Полиция қызметкерлерінің ішкі құжатын тарату фактісі бойынша Павлодар облысының полиция департаменті қызметтік тексеру жүргізіп жатыр», - деп түсіндірді сейсенбі күні Екібастұз полицейлері.
Еске сала кетейік, 27 қарашаға қараған түні Павлодар облысындағы Екібастұз қаласы 30 градустық аязда жылу электр орталығындағы қазандықтардың тоқтап қалуына байланысты жылусыз қалған болатын. Нысан олигарх Александр Клебановтың бақылауында. Жыл басынан бері бұл оның қарамағындағы ЖЭО-да орын алған екінші ірі апат. 28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі енгізілді. Сол күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев проблемалық энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырды. Жылу электр орталығындағы апатқа қатысты тергеу басталды. Апатты жою үшін Астана мен тағы үш қаладан мамандарды жіберу туралы шешім қабылданды. Жылу электр орталығындағы апат фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.