Қоғам

Имам: «Баланы ата-әжеге беру дұрыс емес»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлеуметтік желі қолданушыларына белгілі меркілік имам Нұрлан Байжігітұлы журналист Нартай Аралбайұлына сұхбат беріп, садақа беру мен ата-әже тәрбиесі туралы сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Қазір жария садақаның заманы емес. Елдің бәрі бергісі келеді. Жасырын садақа беру дұрыс болар еді. Елдің жағдайы мәз емес. Кейбіреулер мұны зекет деп жатады. Зекет садақа бір нәрсеге байланбай берілу керек. Жомарттық жасайтын болсаңыз афиша жасап қажеті жоқ. Мен үлгі боламын деген заман өтті», – деді имам.

Нұрлан Байжігітұлының ойынша, баланы ата-әже қамқорлығына түбегейлі беру дұрыс емес.

«Баланы ата-әжеге беру дұрыс емес. Бауырына басады, сенбі мен жексенбіде, үш ай жазғы демалыста бірге болады. Бірақ баланы түбегейлі ата-әженің алғаны жөнге келмейді. Ел арасында көп жүремін. Кейде жаназа шығарғанда кейбіреуі жылап тұрады, кейбіреуі темекі шегіп тұрады. Себебін сұрасаң, кемпір-шалдың баласымын дейді. Ең жаманы бауырларымен араласпайды. Жат адамдарды өзіне жақын қылады. Ата-әже үлкен институт. Бұл жерде баға алмайды деген сөз емес, бізден жақсы бағады. Бірақ олар бағудан бұрын қатты еркелетеді. Әр жапырақ өзінің бұтағында көгерсін деп айтар едім», - деді дінтанушы.