Bugin
Алдағы парламент сайлауында журналист Ермұрат Бәпи мәжіліс депутаты болады деген ақпарат шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Dala incide telegram-арнасына сілтеме беріп.
«Ақорданың анау-мынау емес, сайлау алды дебатта биліктің оппонентін сөйлетіп, оған сауал қоятын мүмкіндік беруі – Жаңа Қазақстанның Бәпидің санатындағы тұлғалармен тіл табысқанын аңғартады. Ерекеңе (Ермұрат Бәпи – ред.) мәжілістен бір орын бұйырып тұр» делінген хабарламада.
Бұл туралы әзірге ресми мәлімдеме жоқ.
«Қажыгелдиннің сенімді серігі журналистикада ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емес. Есесіне парламент Ерекең секілді тұлғаларға сусап отыр. Қажыгелдиннің Қазақстандағы «көзі, құлағы һәм тілі» саналатын Бәпидің мәжіліске баруы Тоқаевтың саяси реформасын толықтыра түседі. «Бәпи парламентке барса, не өзгереді?» дейтіндер бар шығар? Ендеше таратып көрейік» делінген хабарламада.
Бұған дейін бұл telegram-арна «Қажыгелдин мен Ақорданың хат-хабар алмасқанын» жазған. «Әкежан Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі» деп жазған.