Әлем
Колумбияда жолаушылар автобусын көшкін басып қалды. Қайғылы оқиға салдарынан ондаған адам жер астында тірідей көмілген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
Елдің солтүстік-батысында толассыз жауған жаңбырдан болған көшкін автобусты басып қалды. Оқиға салдарынан 34 адам қаза тапты, оның сегізі - кәмелетке толмағандар.
Билік қазіргі уақытқа дейін тоғыз адамның құтқарылғанын хабарлады.
Колумбияның таулы жері, жиі жауатын жауын-шашын және тұрғын үй құрылысының ерекшеліктеріне байланысты кей аймақтарында көшкіндердің жиі кездесетінін атап өту керек.
Колумбия үкіметінің статистикасы бойынша, 2022 жылы қатты жаңбыр салдарынан 216-дан астам адам қаза тауып, 538 000 адам баспанасыз қалды. Сондай-ақ ел бойынша тағы 48 адам көшкін себебінен із-түзсіз жоғалған.