Әлем

Путин Ресейдегі ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңға қол қойды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаңа құжат гомосексуализм, бисексуализм және трансгендерлік туралы ақпаратты таратуға тыйым салу жөнінде, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Осыған ұқсас заң 2013 жылдан бері қолданысқа енген, бірақ ол тек кәмелетке толмағандарға ғана қатысты болған. Қазір бұл барлық жастағы тұлғаларға қатысты заң болып бекітілді.

Құжатта ЛГБТ-ны БАҚ-та, ғаламторда, жарнамада және өнер туындыларында насихаттағаны үшін ірі көлемде айыппұл салынады. Оның қадағалануын Роскомнадзор бақылайды.

ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заң жобасын Мемлекеттік Дума 27 қазанда бірінші оқылымда қабылдады. Талқылау барысында депутаттар тек қана әкімшілік емес, бірнеше рет заң бұзу әрекетін жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті де енгізуді ұсынды, бірақ бұл түзету қабылданбады.

  • Заң жобасын әзірлеу кезеңінде заңгерлер заңда үгіт-насихаттың нақты анықтамасы жоқ екенін және ол ЛГБТ+ адамдарды құбылыс ретінде, тіпті бейтарап түрде де атауға тыйым салуға әкелуі мүмкін екенін атап өтті,
  • ЛГБТ+ топтарымен жұмыс істейтін құқық қорғаушылар мен белсенділер жаңа заң ЛГБТ+ ұйымдарын қолдайтын қоғамдық ұйымдардың жұмысын тоқтатуы мүмкін деп санайды.