Bugin
Бүгінгі таңда қоғамда әке мен бала арасындағы қарым-қатынастың, өзара байланысының бәсеңдей түскені байқалады. Әке тәрбиесі бала үшін әрқашан да маңызды. Дегенмен әке мен бала арасындағы байланыстың беки түсуіне баланың да үлкен үлесі бар екенін алға тарту керек.
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы қолдаған жас режиссер Жандос Күдедаевтың «Әке» атты қысқаметражды көркем фильмі аз уақытта көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Аталмыш фильм желісі бойынша Нариман атты жас жігіт жақын күндері өзінің қиын жағдайға душар болған компаниясының мәселелері бойынша шетелдік инвесторлармен кездесу жоспарлайды. Алайда қарттар үйінде жатқан әкесі Нариманды кәсібін кейінге қалдырып, оны Астанаға ескі достарына және сонымен бірге өзінің сүйікті «Барыс» хоккей командасының матчын көруге апаруды өтінеді. Нариман басында құлықсыз келіседі, бірақ ұзақ сапар оларды жақындата түседі. Сапардың нақты себебі – әкенің соңғы күндеріндегі баласымен бірге уақыт өткізгісі келуі. Фильмнің продюсері «Марьям», «Қызыл анар» фильмедерімен танымал Шарипа Уразбаева. Ал басты рөлдерді Мұрат Беккожин мен Ермек Сыдықов сомдаған.
Шарипа Уразбаеваның авторлық фильмдері халықаралық кинофестивальдерде жүлделі орындар алып жүр. «Әке» фильмі де алдығы әлемдік кинофестивальдерде ықыласқа бөленеді деп күтілуде.