Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚызылордада мұз астынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Дерекке сүйенсек, 3 желтоқсанда Қызылорда қаласы полиция бөлімшесіне мұз астында белгісіз адамның мәйіті жөнінде хабарлама түскен.
«Аталған дерек қалалық полицияның сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді. Өлімнің нақты себебін анықтау мақсатында ер-азаматтың мәйітіне сот-медициналық сараптама тағайындалды» делінген хабарламада.
Алдын ала мәліметтер бойынша, өлім себебін сипаттайтын белгілер жоқ. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61