Bugin

Түркістан облысында жемқорлықпен ұсталған бас дәрігер мен есепшіге сот үкімі шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысында пара алған бас дәрігер мен оның есепшісіне сот үкімі шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Келес аудандық сотының үкімімен осы аудандағы аурухананың бас дәрігері А.Бексұлтанова мен бас есепшісі Ж.Ермаханова сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Сотқа дейінгі тергеу барысында олар стоматология қызметтерін көрсету жөніндегі шартты бұзбау және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерден пара ретінде 500 мың теңге ақша алғаны анықталды.

Сот үкімімен айыпты деп танылған бас дәрігер мен бас бухгалтердің әрқайсысына 17 млн 500 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Сондай-ақ олар мемлекеттік қызметте, судья, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде және оның ведомстволарында, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.