Bugin
Bugin.kz порталы Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері, дипломат, журналист Алтынбек Сәрсенбайұлының (1962-2006 ж.ж.) сыртқы саясат турал ой-пікірін Ғабит Мүсірептің «Қайраткерлік қағидасы» кітабынан ықшамдап ұсынады.
***
Ресеймен жақсы қарым-қатынаста болуымыз керек. Себебі, 160 миллион халқы бар. Не өндірсек те, соны оп-оңай сата алатын үлкен рынок, транспорттық дәліз.
***
Егер біз Еуроодаққа 20 немесе 30 жылдың ішінде енсек, онда қазақ ұлтының дамуына, әлемдік өркениет көшіне қосылуына толық мүмкіндіктер жасалар еді. Кемінде 100 жыл қауіп-қатерсіз еркін өмір сүруге кепілдік алар едік.
***
Еуроодақ дегеніміз не? Бұл – дамыған мемлекеттер одағы. Біз сол еуропалық стандартқа сай болсақ, онда біздің ұлтымыздың да, мемлекеттігіміздің де даму дәрежесі Еуропа халықтарының дәрежесімен тең болады.
***
Біздің арналар Ресей телеарнасына тәуелді. Заңға енетін өзгерістер осы бодандықтан құтқарады. Телеарналарымыз өз өнімдерін шығарып, өз көрерменін таппай болмайды.