Әлем

«60-қа 60»: Ресей мен Украина екі ел арасында тұтқын алмасты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Киев пен Мәскеу сейсенбіде «60-қа 60» формуласы бойынша әскери тұтқындарды кезекті айырбастайты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермак оралған украиндарды батырлар деп атап, олардың арасында Мариупольді бірнеше апта бойы қорғаған ондаған адам бар екенін, соның ішінде Азовсталь металлургиялық зауыты да кіретінін айтты.

«Біз Мариуполь қорғаушыларын қайтаруды жалғастырамыз. Бүгінгі «60-тың» тізімінде олардың 34-і бар, ал 14-і Азовстальдан. Кейбіреулер жараланған, оларға Украинада барлық қажетті көмек көрсетіледі», - деді Ермак.

Оның айтуынша, бостандыққа шыққандардың кейбірі Ресейде, басқалары Украинаның Ресей басып алған Донецк облысындағы әскери тұтқындар лагері Оленевкада қамауда жатыр.

Еске салайық, шілдеде Украина ондаған тұтқынның өмірін қиған Оленевкадағы ереуілге байланысты Ресейді әскери қылмыс жасады деп айыптаған.

Соңғы бірнеше айда тараптар жүздеген тұтқын алмасты.