BUGIN

Әрбір бесінші адам жұмыс орнында зорлыққа ұшырайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әрбір бесінші жұмысшы жұмыс орнында физикалық, психологиялық немесе жыныстық зорлыққа ұшырайды. Әсіресе босқын әйелдер зардап шегіп жатыр. Бұл туралы Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) жаңа баяндамасында айтылған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы БҰҰ жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Оның авторлары мәселенің ауқымы үлкен екенін және мұның жұмысшылардың моральдық жағдайы мен денсаулығына, еңбек атмосферасына, өндіріске және қоғамды дамытуға зияны көп екенін атап өтті. Зорлық барлық еңбек саласында және әлемдегі барлық экономикалық қызмет саласында, соның ішінде жеке және мемлекеттік сектор, формальды және бейформальды экономикада болып жатыр. ХЕҰ қолдауымен зерттеу жүргізіліп, оның аясында бес жұмысшының бірі – барлық жұмыс күшінің 23 проценті жұмыс орнында зорлыққа ұшырағаны анықталды. Көптеген адамдар оны айтуға ұялады, өзін кінәлі сезінеді, басшылыққа сенбейді немесе болған жағдайды олардың жұмыс орнындағы қалыпты жағдай деп есептейтін көрінеді.

Баяндама дерегіне сәйкес, сауалнамаға қатысқан жұмыс істейтін ерлер мен әйелдердің 17,9 проценті психологиялық зорлыққа ұшырағанын мәлімдеді. Ал 8,5 проценті физикалық зорлықты бастан өткерген. 6,3 проценті жыныстық зорлыққа ұшырағанын хабарлады. Олардың басым бөлігі - әйелдер. Баяндама авторлары атап өткендей, жас әйелдер еркектерге қарағанда, жыныстық зорлық-зомбылыққа екі есе, ал мигрант әйелдер басқа әйелдерге қарағанда, екі есе жиі ұшырайды. Көптеген адам жұмыста өздеріне деген әдепсіз қатынасқа бірнеше рет тап болғаны айтылды.