ДАМУ
Белгілі режиссер Айсұлтан Сейітов қазақ аудиториясына батырлар туралы фильмдер өтімді болатынын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстанға бір адамның бастан кешкен оқиғасы арқылы тарихты дәйекті жеткізетін туындылар жетіспейді, деді режиссер «Dope soz» подкастына берген сұхбатында.
«Бізде көбінесе хандар туралы түсіреді. Біріншіден, қарапайым адам өзін қалай ханмен байланыстырып, эмпатия құра алады? Ол ханның басынан өткендерді ешқашан түсінбейді», – дейді режиссер.
Айсұлтан Сейітов қазақ аудиториясына батырлар туралы фильмдер өтімді болатынын айтады.
«Бізге батырлар туралы фильмдер өтер еді. Бірақ олардың қалай хан болғаны туралы емес. «Жеті самурай» стиліндегі болса. Мен осы стильдегі батырлар туралы фильмді көргім келеді», – деді ол.