Әлем

АҚШ Ресейдің «арнайы операциясына» қатысты жаңа мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ Конгресі Сенатының сыртқы істер комитеті Ресейдің Украинадағы әрекеттерін геноцид деп тану туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл жөнінде АҚШ Конгресі Сенатының халықаралық қатынастар комитеті мәлімдеді.

«Америкалық сенаторлар Джим Риш, Айдахо штатының республикашылы және Бен Кардин, Мэриленд штатының демократы комитеттің Ресейдің Украинадағы әрекеттерін геноцид деп тану туралы қарар қабылдағанын құптады», - делінген хабарламада.

Ақ үй қаулы арқылы Ресейдің Украинаға жасап жатқан «арнайы операциясын» айыптайды, АҚШ пен НАТО-ны және ЕО одақтастарын Украинаны қолдауға шақырады. Сонымен қоса АҚШ басшысы Джо Байденді Магнитскийдің Ресей Федерациясына қарсы жаһандық актісі негізінде санкция қолдануға шақырады.

Еске салайық, бұдан бұрын АҚШ Конгресінің Сенаты елдің 2023 жылғы қорғаныс бюджетін бекітті. Келер жылы АҚШ қорғаныс саласына 847,3 млрд доллар жұмсамақ. Бұл – АҚШ тарихындағы ең көп қорғаныс бюджеті. Аталған соманың 800 млн долларын Украинаға әскери көмек ретінде аудару көзделген.