Әлем

Ресей Украинаға қарсы ядро қолдана ма: Путиннің нақты жауабы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлемде ядролық қаруды қолдану қаупі артып келеді. Бірақ Ресейдің «есі ауысқан жоқ» және оны әлі де тек қорғаныс құралы ретінде қарастырып отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы inbusiness.kz-ке сілтеме беріп.

Бұл туралы Владимир Путин АҚК жаңартылған құрамымен онлайн-кездесуде мәлімдеді.

«Біздің жау шабуылына жауап ретінде қорғаныс құралдарын қолдану стратегиямыз - жаппай қырып-жою қаруын, яғни ядролық қаруды қолдану. Олардың барлығы кек алу деп аталатын соққының негізінде қарастырылған. Бізге соққы берсе, жауап қайтармай қалмаймыз», - деді Владимир Путин.

Сонымен бірге, Олаф Шольцтың пікірінше, Мәскеуге қысымның күшеюіне байланысты ядролық шиеленісу қаупі төмендеді.

Ресей президентінің мәлімдемесіне қатысты Вашингтон да пікір білдірді:

«Біз ядролық қаруды әңгіме етудің өзі жауапсыз әрекет деп санаймыз. Бұл Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі аясында қол қойған ядролық соғысқа жол бермеу туралы мәлімдемеге сәйкес келмейді. Сондай-ақ осы өте қарапайым қағиданы растаған ресейлік шенеуніктердің мәлімдемелеріне қайшы келеді», - деді АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Нед Прайс.