Психология

Неліктен ақылды адамдардың ғашық болуы қиын? - Ғалымдар жауабы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әр ісін ақылға салатындықтан IQ деңгейі жоғары адамдарда жүрек мәселелерін шешу қиын болуы мүмкін. Bugin.kz порталы сізге таныс нәрселерге жаңа көзқараспен қарауға көмектесетін қызықты зерттеу жауабын ұсынады.

Неліктен ақылды адамдарға жан жарын табу қиын?

1. Олар өздерінің де, басқалардың да сезімдерін талдайды. Ақылды адамдар ақпарат жинауда және қорытынды жасауда керемет. Және бұл қабілеттің әсерінен олар қарым-қатынаста проблемалардың алғашқы белгілерінде басқаларға қарағанда бірден қашып кетеді. «Түсініспеушілік, жанжал? Ендеше, біз бір-бірімізге жараспадық, қош бол» деуге әзір.
2. Олардың ашылуына көп уақыт кетеді. Ақылды адамдар жүйрік ойлайтын болғандықтан, алда болатын жайттарға болжам жасайды. Олар кез келген қарым-қатынас тәуекел екенін біледі және түсінеді. Сондықтан жиі суық және алыс көрінеді, бірақ шын мәнінде мүлде басқа адам болып шығуы ғажап емес.
3. Олар өткен тәжірибеге сүйенеді. Бұл - ақылды адамдар түсетін тағы бір тұзақ. Олардың бұрынғы қарым-қатынасын бұзған нәрсе міндетті түрде бар қарым-қатынасты бұза алмайды, бірақ оларға мұны түсіну қиын. Олар соңғы рет қоштасу қаншалықты азапты болғанын жақсы есте сақтайды және өткен тәжірибені қазіргі уақытта тағы да бастан өткеретініне сенімді болады.
4. Жалғыздық - олардың саналы таңдауы. Иә, бұл солай. Ақылды адамдар «өзінікі емес» адаммен бірге болғаннан гөрі, жалғыз болған жақсырақ және ыңғайлырақ екенін біледі. Бұл олардың саналы және ойластырылған шешімі. Көп жағдайда мұндай адамдар жағдайға байланысты емес, олар мұны қалайтындықтан және өздерімен қалғанда өзін жақсы сезінетіндіктен жалғыз қалады.