МӘДЕНИЕТ

Қазақ шежіресіне неге әйелдер кірмейді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астанада өткен TEDxAstana конференциясында спикерлер қазақ тілінің қолданысы, отарсыздану, исламды модернизациялау, білім берудегі теңсіздік, донор болудың маңыздылығы секілді мәселерді қозғады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақ шежіресіне неге әйелдер кірмейді?

Әйелдерге арналған онлайн шығармашылық жазу курсының авторы Эльмира Какабаева болмыс ізденісі мен жазу ісін отарсыздандыру арасындағы байланыс туралы айтты.

Эльмира қазақ шежіресіне неге әйелдер кірмейді деп таң қалып, барлығын Қазақстан тарихының қиын кезеңдерін бастан өткерген, бір дәуірге тиесілі өзіндік тарихы бар аналар мен әжелер туралы кеңінен білуге шақырды.

«Тек тарихында апаларым, аналарым, әжелерім мен әпкелерім секілді менің де ешқандай рөлім жоқ екенін алғаш рет көрдім. Өзіміз іздеген сұраққа жауап табу үшін дәл бүгін не істей аламыз? Біз пікірлес адамдармен кездесіп, отбасымыздың тарихын қалай жинауға болатыны туралы сөйлесе аламыз. Оқиғаларды, сәттерді, диалогтарды, кеңістіктерді суреттеуге машықтандыру арқылы бұл оқиғаларды қайта жаза аламыз», – дейді Эльмира.

 

Дереккөз: informburo.kz