Өнім

Астананың экс-әкімі Алтай Көлгінов жаңа лауазымға тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алтай Көлгінов премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорда-ға сілтеме беріп.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды» делінген хабарламада.

Алтай Көлгінов 1978 жылы 15 қаңтарда дүниеге келді.

Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін, Қазақстан Республикасы президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияның Абердин университетін бітірген.

Мамандығы – заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі, халықаралық коммерциялық құқық магистрі.

Еңбек жолын 2001 жылы Бас прокуратура жанындағы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің кадрлармен жұмыс бөлімінің бас маманы, прокуроры болып бастады.

2002-2003 жылдары осы комитеттің құқықтық статистиканы қалыптастыру басқармасының прокуроры болды.

2003-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің Астана қаласы бойынша басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.

2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің заң актілерін жасақтау және талдау басқармасының бастығы.

2008-2010 жылдары «АлашМедиаГрупп» ЖШС бас директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары болды.

2010-2012 жылдары осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аймақтық-ұйымдастыру және мемлекеттік бақылау жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы болып қызмет жасады.

2012-2013 жылдары БҚО әкімінің орынбасары қызметінде болды.

2013-2016 жылдары Орал қаласының әкімі болған. 2016-2019 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болған.

2019 жылдың маусым айынан бері Астана қаласының әкімі болды.