Әлем

Димаштың Аргентинадағы жанкүйерлері әншіге ерекше сертификат табыстады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасында тұратын жанкүйерлері Аргентинада ормандарды қалпына келтіретін жобаны аяқтады. Патагония өңірінде мың ағаш отырғызу акциясына әлемнің түкпір-түкпірінен фанаттар атсалысты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы dimashnews.com сайтына сілтеме жасап.

Биылғы мамыр айында Dimash Latin Dears фан-клубы Аргентинаның Патагония өңіріндегі ормандарды қалпына келтіру үшін қаражат жинауды ұйымдастырған. Бастапқыда қазақстандық әртістің жанкүйерлері 382 ағаш отырғызды. Алайда кейін екінші науқанды бастап, мақсатты мың ағашқа дейін ұлғайтты.

dimashnews.com

dimashnews.com

Осылайша, Патагония аймағында 2000 жылға дейін өмір сүре алатын өте әдемі әрі үлкен қылқан жапырақты Чили араукариясының мың көшеті отырғызылды.

Акция сәтті аяқталған соң, Димаш Құдайбергеннің есіміне жазылған «Орман сақшысы» сертификаты берілді.