Bugin

Ерлікпен көз жұмған Асқар Забикулиннің жұбайының жазбасы халықтың көңілін елжіретті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ерлікпен қаза тапқан Асқар Забикулиннің жұбайы өзінің Instagram парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Бүгін - біздің мерейтойымыз, отбасымызға - 5 жыл. Бүгін де әдеттегідей бір-бірімізді құттықтап, құшақтасып, кешімізді жоспарлауымыз керек еді. Бүгін мен саған «Бірге қартаяйық» деген жазумен бенто тортын беруім керек еді. Ал сен маған гүл беруің керек еді. Бірақ бүгін менің сенсіз 19-шы таңым атты.

Алғашқы екі аптада сені ауысымда болды деп өзімді жұбаттым. Одан кейін бұл тәсіл менің жанымды тынышталдырмады. Бұл сұмдықты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мен сені айналамдағы барлық нәрседен іздеймін... Сен бізді тастамай, жай ғана бір жерге кеткен сияқтысың...

Қазір тек сен туралы ойлай беремін. Бір-бірімізге қаншама сөз айтылмады, қанша минут бірге болмадық... Әлі өміріміз алда еді ғой. Қанша дүниені бірге жасағымыз келді ғой...

Осындай оқиғалар болған кезде өмір бұрынғы және кейінгі болып екіге бөлінеді дегенді жиі еститінмін. Жай сөздер деп ойлайтын едім. Алайда рас екен. Енді мен қайтадан өмір сүруді үйренуім керек.

Бар күш-жігерімді қыздарыма арнап жатырмын. Олар үшін барымды саламын. Алайда жүрегімнің жартысының орнын қалай толтырамын? Айтшы маған?! Менің қолымнан келмейді.

Қолымнан бір ғана нәрсе келеді: сені сүю ғана. Қатты. Мәңгі. Шексіз. 20.11.2022» делінген жазбада.

Еске салайық, 16 қарашада Астанада көпқабатты пәтерлердің бірінен өрт шығып, адамдарды құтқарған екі өрт сөндіруші зардап шеккен. Қос құтқарушының бірі Асқар Забикулиннің денесін қатты күйік шалып, 20 қарашада өмірден озды.