Әлем

Ресей азаматтары Францияда террорлық әрекет жасамақшы болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Франция полициясы Ресей мен Тәжікстаннан келген жеті адамды террорлық шабуыл жасауға әзірленді деген күдікпен ұстады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Franceinfo-ға сілтеме жасап.

Қамауға алынғандардың бесеуі туралы арнайы қызметтер бұрыннан білген, олар радикалды исламға жанашыр адамдар санатында болған.

Ал ұсталғандардың екеуі жақында ғана елге кірген. Барлау агенттіктері террористердің мақсаты Төменгі Рейн департаментіндегі атақты Рождество базары болуы керек деп санайды. Бұл — исламистер арасындағы танымал мақсат.

Еске салсақ, бұдан бұрын Германияда мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындалғандар ұсталған.