Спорт

Ауыр атлетикадан ӘЧ: Қазақстандық қола медаль иеленді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық Алексей Чуркин Боготадағы (Колумбия) ауыр атлетикадан 2022 жылғы әлем чемпионатында қола медаль иеленді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

73 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде сайысқа түскен Чуркин 343 килограмм нәтиже көрсетті. Нақтырақ айтсақ, жұлқа көтеруде - 153 және серпе көтеруде - 190.

Алтын медальді Индонезиялық Рахмат Абдулла жеңіп алды - 352 келі (152+200), ал күмісті оның отандасы Ризки Джуниансях - 347 келі (155+192) алды.