Әлем

«Чип сатуға тыйым салды»: АҚШ Қытайдан не үшін қауіптеніп отыр?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Байден әкімшілігі чиптерді Қытайға экспорттамас үшін жаңа қадамдар жасауға көшті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы CNN.news сайтына сілтеме жасап.

Дерекке сүйенсек, АҚШ осы әрекетін басқа елдердің де істегенін қалайды.

Жаңа ережелерге сәйкес, KLA, Lam Research және Applied Materials сияқты чип құралдарын шығаратын америкалық өндіріс орындары енді толығымен Қытайға тиесілі чип компанияларына жеткізе алмайды.

Сонымен қатар YMTC қоса алғанда, отыздан астам қытайлық компания қара тізімге енген. АҚШ оларды тексеруге рұқсат бермегендіктен, яғни бұл компанияларға экспорттайтын американдық компаниялар арнайы қадамдардан өтуі керек немесе жеке лицензияға өтініш беруі керек.

Бұл қадамдар - Қытайдың американдық технологияны қолдана отырып, озық чиптер шығаруына жол бермеуге бағытталған АҚШ-тың ауқымды тәсілінің бірі. Сондай-ақ бұл чиптер әскери мақсатта да қолданылуы мүмкін деп алаңдайды. Бұған дейін ел Nvidia-ға Қытайға жасанды интеллектке арналған екі жетілдірілген чипті жеткізуге тыйым салған.

Алайда бұл жоспар толығымен жүзеге асады деуге негіз жоқ. Мысалы, басқа елдер Қытайға технологияны еркін сата алады. Reuters-ке берген сұхбатында үкімет шенеуніктері одақтастардан мұндай жоспарлар туралы әлі уәде алмағанын мойындады. Еуропадан келген одақтас америкалық чип технологиясын қаншалықты сатып алып, оны Қытайға қайта сата алатыны белгісіз.