Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com10 желтоқсанда Павлодар қаласындағы Усолка шағын ауданында өрт болып, бір бала қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Өрт екі қабатты кірпіш үйдің бірінші қабатында болған. Салдарынан 2 бала зардап шегіп, бір бала көз жұмған.
«10 желтоқсанда сағат 17:57-де Усолка шағын ауданында екі қабатты кірпіш үйдің бірінші қабатында өрт шыққан. Үйде 5 жасар ұл мен 14 жасар қыз бала болған. Сонымен бірге үйдің залында 2021 жылы туған баланың күйік шалған денесі табылды. Үйде үлкендер болмаған» делінген полиция хабарламасында.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өрттен зардап шеккен балаларды ауруханаға жатқызбаған. Дәрігерлер оқиға орнына барған кезде 2008 және 2017 жылы туған балаларға күйзеліске түсу диагнозын қойды. Қазіргі таңда балалар анасымен бірге екен.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61