БІЛІМ

Алматыдағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсуге құжат қабылдау жүріп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Құжат қабылдау 2022 жылғы 1 желтоқсаннан 2023 жылғы 10 қаңтарға дейін жүргізіледі.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы 2023-2024 оқу жылында Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Өркен» білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды.

Құжат қабылдау 2022 жылғы 1 желтоқсаннан 2023 жылғы 10 қаңтарға дейін жүргізіледі. Кешенді тестілеу 2023 жылғы 2-3 наурыз күндері өтеді.

Зияткерлік мектептерге оқушыларды қабылдау үшін халықаралық стандарттарға сай және барлық үміткерлер үшін объективтілікті, әділеттілік пен теңдік қағидасын қамтитын конкурстық іріктеу жүйесі қолданылады.

Конкурстың қорытындысы негізінде «Өркен» білім беру грантын тағайындау жөніндегі республикалық комиссия нақты мектептерге бөлінген гранттарға сәйкес жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді зерделеу қабілеттерін бағалау және тілдік тестілеуден неғұрлым жоғары жалпы балл жинаған үміткерлерге 7-сыныптарда оқуға грант тағайындайды.

Қажетті құжаттар:

1) Конкурсқа қатысу үшін өтініш беру;

2) Сауалнама толтыру;

3) Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі, үміткердің ЖСН-і, бар болған жағдайда жеке бас құжатының көшірмесі, заңды өкілдің ЖСН-і көрсетілген жеке куәлігінің көшірмесі;

4) Үміткердің соңғы оқу жылындағы үлгерімі мен тәртібінің, егер үміткер оқу жылын аяқтамаған жағдайда оқуын жалғастыратын болса, оқу жылының I жарты жылдығындағы үлгерімі мен тәртібі туралы табелінің көшірмесі. Талап етілген құжаттар оқитын мектеп басшысының қолымен расталып, тиісті білім беру ұйымының мөрімен бекітілуі керек (Ескерту: құжаттарды 6-сыныптың 1-ші жартыжылдығы аяқталғанға дейін тапсырсаңыз 5-сыныптың табелі қабылданады, 6-сыныптың 1-ші жарты жылдығы аяқталған соң тапсырсаңыз 6-сыныптың 1-ші жартыжылдық табелі қабылданады).

Конкурстық іріктеудің шарттары және тапсырмалар үлгілері туралы толық мәліметті тек «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ www.nis.edu.kz ресми сайтының «Үміткерлерге» бөлімінен алуға болады.