Bugin

Тоқаев: «Әрбір әкім, министрдің жұмысы нақты нәтижемен өлшенеді»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенеді. Бұл туралы мемлекет басшысы Астанада өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

«Жуырда өткен президент сайлауы – бұл халықтың бізге артқан зор сенімі және қолдауы. Азаматтарымыз нақты оң өзгерістер бүгін және қазір болады деп үміттеніп отыр. Осы үміт пен сенімді ақтау – алдымызда тұрған ең басты міндет әрі қастерлі парыз», - деді Тоқаев.

Президент сондықтан сайлау алдындағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы жоспар қабылданатынын айтты.

«Барлық іс-шара уақтылы және толық орындалуы керек. Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенеді»,- деді мемлекет басшысы.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61