Bugin

Тоқаев: «Келесі жыл күрделі, қиын болуы әбден мүмкін»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Келесі жыл қазіргіден де күрделі, қиын болуы әбден мүмкін. Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Жұртшылық үкіметтің де, барлық деңгейдегі әкімдердің де жұмысына қатысты арыз-шағым айтып жатыр. Халықтың сөзінің жаны бар. Өйткені шын мәнінде, күн көру қиындап барады, баға шарықтап өсіп жатыр. Қаладағы және ауылдағы тұрғындардың өмірі үшін аса маңызды инфрақұрылымның тозығы жеткен, тіпті, мүшкіл халде десек те артық емес. Мұндай кезде қол қусырып, жайбарақат отыруға болмайды. Осындай жағдай бәрімізге қауіп төндіретіні анық. Оның үстіне, келесі жыл қазіргіден де күрделі, қиын болуы әбден мүмкін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.