Әлем

Рамзан Қадыров Путинді өлтіруі мүмкін: Ресейдің бұрынғы депутаты не айтты?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей мемлекеттік думасының бұрынғы депутаты Илья Пономарев Владимир Путиннің Гаага трибуналына жетіп үлгермейтінін мәлімдеді. Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап Bugin.kz порталы хабарлайды.

Ресей мемлекеттік думасының экс-депутаты РФ президентінің өмірі өз жақтастары қолынан үзілетініне сенімді.

«Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Украинаға қарсы кең ауқымды агрессия жасағаны үшін Гаага сотына жеткізілемін дегенше, өз адамдары қолынан қаза тауып үлгереді», – делінген хабарламада.

Экс-депутаттың айтуынша, Путинге байланысты «үкімді» орындауға барынша ықтимал тұлға-киллер ретінде Шешенстан лидері Рамзан Кадыровты қарастыруға әбден болады. Мұны ол «Гордон» ТВ-да бас редактор Алесь Бацманға берген сұхбатында айтты.

«Оның Гаагада сотталу мүмкіндігі – жүзден бір. Мен оны онда барып үлгермейді деп ойлаймын», – деді экс-депутат.

Ол Путинді пікірлестері оған дейін құртып жібереді деп есептейді.

«Бір жағынан оның жанында жүрген адамдарға жаңа билікке өздерін жақтас етіп көрсету керек. Тап сондықтан да мен шүріппені Рамзан Ахматович басып қалуы мүмкін деген болжам жасаймын», – деді Пономарев.

Публицист және саясаттанушы Андрей Пионтковский Ресей әскерлері Херсон облысында жеңіліс тапқаннан кейін Владимир Путиннің айналасында РФ-ның Украинаны жеңетініне сенетін адам қалмағанын айтады. Украина Қарулы күштерінің запастағы полковнигі Олег Жданов та Ресей президентінің ең алдымен шешен көсемінен сақтануы керек екенін мәлімдеген.