Әлем

Қытайлық миллиардер АҚШ шенеуніктеріне пара берді деген күдікпен қамауға алынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытайлық миллиардер және Guangzhou R&F Properties жылжымайтын мүлік дамыту компаниясының бас директоры Чжан Ли Лондонда ұсталды. Бұл туралы ТАСС агенттігі қытайлық WeChat әлеуметтік желісіндегі компанияның ресми аккаунтында жарияланған мәлімдемеге сілтеме жасап хабарлады.

Чжан Лидің америкалық шенеуніктерге пара берді деген «жалған жеткізу» бойынша ұсталғаны атап өтілді. Ол Қытайда Американың Сан-Франциско қаласының халыққа қызмет көрсету департаментінің басшыларына банкет ұйымдастырып, оларды қонақүйде орналастырған деген болжам бар.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, миллиардер 30 қарашада қамауға алынған. Оны АҚШ-қа экстрадициялау күтіп тұр. Миллиардер қазір 15 миллион фунт стерлинг (шамамен 18,4 миллион доллар) кепілмен шықты, бұл британдық сот тарихындағы ең үлкен кепіл сомасы.