Bugin
Маңғыстау облысында ер адам үш баласымен бірге асылып өлді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚР ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.
«11 желтоқсан күні сағат 19.45-те Мұнайлы аудандық полиция бөліміне Мұнайлы ауданында өзін-өзі асып өлтіру белгілері бар төрт мәйіт табылғаны туралы қоңырау түсті. Осы қоңырауға жедел-тергеу тобы шықты. 38 жастағы ер адам, сондай-ақ сегіз жасар, төрт жастағы және 10 айлық балалары асылып өлген жерінен табылды. Тексеру барысында азаматша Б.-ның әйелі Д.-ға жолдаған аудиожазба да табылды, онда ол өзінің өлетінін және балаларын өзімен бірге алып кететінін айтқан», - делінген сәрсенбі күнгі хабарламада.
Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Анықталғандай, бұл оқиға отбасылық жанжал негізінде болған, бұл адамдар ажыраспақ болған. Ерлі-зайыптылардың екеуінің де тұрақты жұмыс орны болған», - деп қосты полицейлер.