Bugin

«Ішімдегі баламен далада қалдырды»: Президенттікке кандидат болған Рахымбековты туған қызы айыптады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Белгілі саясаткер Төлеутай Рахымбековтың қызы әкесін қысым жасады деп айыптап, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрайды. Бұл туралы Айбота Рахымбекова әлеуметтік желіде жазба жариялаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Malim.kz сайтына сілтеме жасап.

Айбота Рахымбекованың айтуынша, анасы (Салтанат Рахымбекова) қайтыс болғаннан кейін әкесі Төлеутай Рахымбеков бірге тұруды ұсынған. Тұрмыстық өмірде әкесінен түрлі қысым көргенін айтып, бұл жайлы туыстары да білетінін жеткізді. Сондай-ақ ол психикалық денсаулық орталығында есепте тұр. Оның айтуынша, бірге тұрудан бас тартқаннан кейін Рахымбеков нотариус бойынша қызының мұрасының үлесін иемденген.

«Мен жүктіліктің сегізінші айындамын. Мені үйсіз-күйсіз далаға қалдырды. Барлық дәлеліме қарамастан, бірінші кезеңдегі соттан жеңіліп қалдым. Менің ойымша, бұл жерде жеке таныс пен жерлес деген рөл атқарды. Ол ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Жақып Асановпен жақсы таныс», - деді Айбота Рахымбекова бейнехабарламада.

Сонымен қатар Рахымбекованың айтуынша, саясаткер оның туған әкесі емесін айтқан. Енді ол президенттен Төлеутай Рахымбеков иеленген мұраны қайтарып алуға көмектесуін сұрайды.

Осы мәселе бойынша Malim.kz редакциясы Төлеутай Рахымбековке хабарласқан. Сонда саясаткер Айботаның туған қызы емес екенін, ол марқұм әйелі Салтанат Рахымбекованың жиені екенін және соңғы сегіз жыл бойы туыстарымен бірге тұрғанын растады. Бірақ саясаткер Айботаның барлық айыптауын жоққа шығарады. Ол Айбота Рахымбековның маскүнем әрі нашақор екенін, сол себепті сөзіне сенуге негіз жоқ екенін жеткізді.

Оның айтуынша, мүлік туралы істі Астана қаласының Алматы аудандық соты қараған. Рахымбеков енді осы шу болған бейнехабарлама мәселесі келесі сотта көтерілетінін айтты.

«Осылайша олар мені бопсалағысы келеді, сондықтан мен мұрадағы өз үлесімнен бас тартамын. Мұның бәрі жай сылтау. Менде барлық сот құжаттары бар, сондықтан ешнәрседен қорықпаймын. Сайлау қарсаңында маған қарсыластар бар екені айтылып еді. Құдайға шүкір, ел мені және менің отбасым жайлы жақсы біледі», - деді Төлеутай Рахымбеков.

Еске сала кетейік, Төлеутай Рахымбеков 2019 жылы ҚР президенттігіне кандидат болған. Ал жұбайы Салтанат Рахымбекова Қазақстан Азаматтық Альянсінің бұрынғы басшысы болған және 2020 жылдың жазында қайтыс болды.