Спорт

Футболдан ӘЧ: Аргентина Хорватияны үлкен есеппен жеңді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында Аргентина құрамасы финалға өтті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жартылай финалда Аргентина құрамасы Хорватияны 3:0 есебімен жеңді.

Лионель Месси ойынның 34-минутында пенальтидан гол соғып, есепті  ашты. Ол үшін бұл гол әлем чемпионатындағы 11-ші гол болды.

Артын суытпай, 39-минутта Альварес Аргентинаның ұпайын екі еселеді. Ал екінші таймның 69-минутында Хулиан Альварес тағы бір мәрте мергендік танытып дубль авторы атанды.

Еске салайық, 15 желтоқсан күні астана уақытымен сағат 1:00-де жартылай финалда Франция мен Марокко кездеседі. Ұтқан құрама Аргентинамен әлем чемпионатының бас жүлдесін сарапқа салады.