Bugin

9 айлық қызы мен әйелін өлтірген ақмолалық шетелден ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ақмола облысында қызы мен әйелін өлтіріп, шетелге кетіп қалған ер адамның қылмысы төрт жылдан кейін ашылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы КТК арнасына сілтеме беріп.

КТК телеарнасының хабарлауынша, күдікті 2018 жылы тоғыз айлық қызын өлтіріп, денесін құдыққа жасырған. Ал екі жылдан кейін сол қанды қылмысын біліп қалған әйелін өлтіріп, ізін жасыру үшін Ресейге қашып кетіпті. 

Жантүршіктіретін қылмысты атбасарлықтар әлі ұмыта қойған жоқ. Ақпанның аязында құбыр жөндеп жүрген жұмысшылар құдықтан шүберекке оралып қапшыққа салынған сәбидің денесін тауып алған. Полиция баланың анасын жер-көктен іздеп таппаған.

Екі жылдан кейін әйелдің де денесі жалдамалы пәтерде кілемге оралған күйі табылды. Елена Халдееваны 13 жерінен пышақтаған. Мүрдені сараптамадан өткізген соң қылмыс әшкереленді. Сәбиді әкесі өлтірген. Қаскөй оны біліп қалған әйелінің де көзін құртқан. 29 жастағы күдікті кейін Қазан қаласында ұсталды. Кінәсін толық мойындап отыр.

«Қылмыс жасағаннан кейін бірден көрші мемлекетке қашып кеткен. 2020 жылы мемлекетаралық іздеу жарияланды. ҚР ҚК 186-бабымен қылмыстық іс материалдары қылмыстық қудалауды одан әрі жүзеге асыру үшін Ресей Федерациясының Бас прокуратурасына жіберілді», – деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі Әсем Әбдікәрімова.