Спорт

Мессидің орнын басатын футболдың жас жұлдызы жайлы не белгілі?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Әлем чемпионатының жартылай финалының басты қаһарманы Аргентина – Хорватия ойынында (3:0) күтпеген жерден 22 жастағы Хулиан Альварес болды. Шабуылшы екі керемет гол соғып, ұлттық құраманы финалға алып шықты және аты аңызға айналған Роналдиньоның қошеметіне ие болды. Bugin.kz порталы 

Альварестің мансап жолы

Кальчин шағын қаласында дүниеге келген аргентиналық футболшы «Ривер Плейтте» үш жыл бойы мүмкін болатынның барлығын дерлік жеңіп, 45-тен астам гол соғып, ақырында Еуропаның үлкен клубына аяқ басты. 2022 жылдың қысында «Манчестер Сити» Джулианды 21,4 миллион еуроға сатып алды.

Аргентиналық футболшының Англияға көшуі супер бомбардир Эрлинг Холландтың келуімен тұспа-тұс келді, сондықтан көптеген жанкүйерлер Альваресті «Ситиде» өзін көрсете алмайды деген пікірде болды.

Дегенмен, Манчестерде алты ай бойы Джулиан өзіне сенбегендерге бірнеше рет лайықты жауап бере алды. Барлық ойындарда ол 7 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді және Холландқа қарсы тұра алатынын, тіпті қажет болғанда оны алмастыра алатынын дәлелдеді.

Альварес жайлы деректер:

Бала кезінде Альварес Барселона мен Мессиге жанкүйер болған . Тіпті оның жастар құрамасында ойнаған кезде кумирімен түскен суреті де сақталған.

qazaqstan.tv

qazaqstan.tv

Альварестің ерекшелігі - гол соққаннан кейін ол тормен ататын Өрмекші-адамның атақты қимылын жасайды.

Хулианның лақап аты - өрмекші. Бала кезінде қатарластары одан допты ала алмай, Альварестің екі емес, бірнеше аяғы бар өрмекші сияқты ойнағанынан, осындай лақап атқа ие болады.

Әлем чемпионатынан бірнеше ай бұрын «Манчестер Ситиде» Альварестің басынан өткен күлкілі оқиға болған.

 «Мен клубқа көшкен бойда Гвардиола футболшылардан әлем чемпионатын кім жеңетінін сұрады. Олар: «Португалия, Франция» деді. Мен ештеңе айтпадым. Содан кейін ол тағы кімнің мүмкіндігі жақсы екенін білесіңдер ме деп сұрады да, маған нұсқады » - дейді бір сөзінде Хулиан.

Аргентинаның Катардағы әлеуеті туралы да, Альварестің мүмкіндіктері туралы да «таз бапкер» бәрін алдын ала білген сияқты.