Bugin

Алматыдағы барахолка базары маңында төрт бірдей көлік соқтығысты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы қаласындағы «Барахолка» базарының маңында жол апаты болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Апат орнында түсірілген видео Instagram парақшаларына жарияланды.

Полиция мәліметінше, соқтығыс салдарынан төрт адам жараланған.

«14 желтоқсанда таңғы сағат 8:10-да Mercedes маркалы автокөлік жүргізушісі Солтүстік айналма жолында солтүстік бағытта келе жатқан. Ол рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Nissan маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Содан соң оң жақтағы Toyota-ға және одан әрі Isuzu көлігіне соқтығысқан. Төрт адам, оның ішінде екі жүргізуші мен екі жолаушы зардап шекті», - деді жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімі өкілдері.

Бұл деректі Алматы қаласы Жетісу аудандық Полиция басқармасы қызметкерлері назарға алған.